«Шағын және орта бизнесті қолдау бүкіл әлемде COVID-19 пандемиясының салдарынан экономиканы қалпына келтірудің негізгі шарасы болып отыр. Біз экономиканы әртараптандыру және кәсіпкерлікті қолдау саласындағы ұлттық күн тәртібін, әсіресе ШОБ-ты қаржыландыруға қатысты бағыттарды жүзеге асыруда Қор арқылы Қазақстан үкіметін қолдауға дайынбыз», деп атап өтті Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто Меморандумға қол қою барысында.
«Қор Дүниежүзілік Банктің қаржыландыру механизмдерін табысты қолданудың көп жылдық, ауқымды әлемдік тәжірибесіне мүдделі. Сондай-ақ COVID-19 пандемиясынан кейін қалпына келтіру кезеңінде ел экономикасына пайдасы тиетін бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздейді. Қор Дүниежүзілік банкпен бірлесіп ШОБ қолдау бойынша әлемдік тәжірибені қолдануды жалғастырады», деді «Даму» Қорының Басқарма төрайымы Гаухар Бурибаева.
Осы арада, Дүниежүзілік банк (ДБ) бүкіл әлем бойынша дамушы елдерге қаржылық және техникалық көмек көрсететін маңызды ұйымдардың бірі екендігін еске сала кету керек. Дүниежүзілік банк тобына бес ұйым кіреді: Халықаралық Қайта Құру және даму банкі (ХҚДБ), халықаралық даму қауымдастығы (ХДА), халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК), инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көпжақты агенттік (ХАЖҚ) және жаһандық ауқымда кедейлікті азайтуға ықпал ететін инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталық (ИДРХО).