19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 1122

200 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 және «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 және «Қазақстан Республикасының сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 514 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 299-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;

1, 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік тізілім сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын сот сарапшылары туралы, сондай-ақ сот-сараптама қызметімен айналысуға арналған лицензиялары бар жеке тұлғалар (бұдан әрі – сот сарапшылары) туралы мәліметтерді қамтиды.»;

көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша»;

2) «Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 4 маусымдағы № 515 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 36, 300-құжат):

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы»;

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы сот сараптамасы зерттеулері әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу ережесінде:

тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары»;

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидалары «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 43-бабына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) қалыптастыру және пайдалану мақсатын, тәртібін айқындайды.»;

көрсетілген Ережеге қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы сот-сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және пайдалану қағидаларына қосымша».

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар