19 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №1124

362 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

2013 жылғы 21 қазан Астана, Үкімет Үйі

Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларын, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларын, мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау жүзеге асырылатын интернет-ресурс ретінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі – Республикалық құқықтық ақпарат орталығы) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі айқындалсын.

2. Мемлекеттік органдар:

1) «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберілетін графикалық форматтағы қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілер көшірмелерінің қол қойылған түпнұсқаларға толық сәйкестігін;

2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде тіркелген:

Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының,Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына;

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің көшірмелерін Республикалық құқықтық ақпарат орталығының тиісті аумақтық бөлімшелеріне «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;

3) нормативтік құқықтық актінің бір тілдегі электрондық көшірмелерінің бір электрондық файлда қалыптастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Республикалық құқықтық ақпарат орталығы:

1) жариялану күні мен ақпараттық-құқықтық жүйенің атауын көрсете отырып, графикалық форматта қазақ және орыс тілдерінде түсетін, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабы 2-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерін ресми жариялауды;

2) есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күніне дейінгі мерзімде өткен айда ресми жарияланған:

Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулыларының тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне;

мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, сондай-ақ әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тиісті аумақтық органдарына беруді;

3) жарияланған негізгі нормативтік құқықтық актіге ақпаратта оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, күші жойылды деп тану туралы мәліметтердің көрсетілуін;

4) графикалық форматта орналастырылатын нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерін және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесін рұқсатсыз араласудан қорғауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) «Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 16 тамыздағы №773 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №30, 326-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу және келісу қағидаларында:

24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«24. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуді, сондай-ақ олардың күші жойылды деп тануды көздейтін нормативтік құқықтық актілерді дайындаған кезде осындай нормативтік құқықтық актілердің қабылданған күнінен, тіркелген нөмірінен, тақырыбынан кейін жақшаның ішінде сол нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі, алғашқы ресми жарияланған күні мен ресми жариялау көзінің атауы көрсетіледі (көрсетілген кезектілікпен).»;

2) «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы №778 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., №30, 330-құжат):

көрсетілген қаулымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу қағидаларында:

14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«14. Тізілімде мемлекеттік тіркеу күні, берілген мемлекеттік тіркеу нөмірі, нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуге ұсынған органның атауы, нормативтік құқықтық актінің күні, нөмірі және атауы, нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау, нормативтік құқықтық актіге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар, нормативтік құқықтық актінің қолданысын тоқтата тұру, тоқтату туралы мәліметтер көрсетіледі.»;

22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«22. Нормативтік құқықтық актіні күші жойылды деп таныған не оның қолданысын белгілі бір мерзімге тоқтата тұрған кезде осы актіні қабылдаған орган немесе осыған уәкілетті орган бір апта мерзімде растайтын актінің көшірмесін қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына және ресми жариялау көздеріне хабарлайды.».

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарйяланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.    

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі         С.АХМЕТОВ.

Соңғы жаңалықтар