Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Емханаларда 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылды

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында осы жылдың басынан бері COVID-19 ауруының 314 жағдайы тіркелді. Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын 13 адам жұқтырған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Емханаларда 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылды

Бүгінгі күні қалада 1 060 төсек - орын бар (жұқпалы - 560 төсек орын, карантиндік -500 төсек орын). Аталған төсек орындарда 144 науқас ем алуда. Төсек-орын толымдылығы 13% құрайды, яғни 916 төсек орны бос. 

Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрі  А.Маминнің төрағалығымен өткен мәжілісте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидахуал жөнінде баяндады. 

Қалаға 1 ақпаннан бастап «Спутник V» вакцинасының 1000 дозасының жеткізілуі күтілуде. Аталған вакциналар қалалық қан орталығы базасындағы мұздатқыш камераларда уақытша сақтау үшін орналастырылады. Мұздатқыш дайын. Бүгінгі күні қала емханаларының базасында 4 вакцинация кабинеті ұйымдастырылып, вакциналарды сақтауға арналған мұздатқыштар орнатылды. Ерікті түрде вакцинациялау үшін 1000 медицина қызметкерінің тізімі қалыптастырылды. Бұдан басқа, биыл ақпан айының соңына дейін қаладағы 34 емханада мұздатқыштар орнатылып, вакцинация кабинеттері ашылатын болады, деп хабарлады шаһар басшысы. 

Сонымен қатар, медицина қызметкерлері үшін вакцинациялау мәселелері жөнінде бірнеше рет тренинг семинарлар өткізілгенін, жалпы эпидемия басталғалы бері 14 650 медицина қызметкері коронавирустық инфекциясымен күрес бойынша оқытудан өткенін баяндады.  

Тұрғындар арасында да ковидке қарсы вакцинациялау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары, тиісті іс-шаралар жоспарлы түрде жүргізіліп жатқанын айтты.