«Астана Банкі»-нің салымшыларына агент банк ретінде кепілдік берілген өтем төлейтін «Еуразиялық банк»-пен арадағы келісімнің қолданылу мерзімі тағы жарты жылға – 2021 жылдың 29 шілдесіне дейін ұзартылды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Қазіргі уақытта агент банк «Астана банкі» салымшыларына Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының (бұдан әрі – Қор) атынан және есебінен 37,2 млрд теңге көлемінде өтем төледі. Бұл төленуге міндеттелген жалпы соманың 99 пайызын құрайды. Бұл ретте өтем алуға барлығы 60 953 салымшы (немесе банк салымшыларының жалпы санының 23 пайызы) өтініш берген. Өтем алмаған 207 504 салымшы алдындағы міндеттемелер қалдығы – 423 миллионнан астам теңгені құрайды. Олардың ішінде тек 331 салымшының депозиттерінде ғана 100 мың теңгеден асатын қалдық ақша бар. Бұл салымшылардың алатын өтем ақшаларының жалпы көлемі – 156,7 млн теңге.
Еске сала кетейік, «Астана Банкі» шоттары, төлем карточкалары және депозиттері бар салымшылар (жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер) өтем алуға құқылы. Теңгелік депозиттер бойынша (салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкаларын қосқанда) ең жоғары төлем сомасы – 10 миллион теңге; шетел валютасындағы депозиттер бойынша – 5 миллион теңге. Бір салымшының «Астана банкі» теңгеде және шетел валютасында орналасқан депозиттері бойынша төленетін жиынтық шекті сома – 15 миллион теңге. Бұл жерде әрбір депозит түрі бойынша шекті сома ескеріледі.
Барлық төлемдер тек теңгемен жүзеге асырылады. Шетел валютасындағы салымдар бойынша өтем сомасы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күні – 2019 жылдың 9 қаңтарына қарай қалыптасқан валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есептеледі.
Агент банктің барлық қалалардағы филиалдары мен бөлімшелерінің мекенжайлары және жұмыс тәртібі туралы ақпарат www.eubank.kz ресми сайтында және банктің анықтама қызметінде қолжетімді: +7 (727) 332 77 22.
Агент банк арқылы белгіленген төлем мерзімі аяқталған соң, «Астана Банкі» салымшылары кепілді өтемді алу үшін тікелей Қорға өтініш бере алады.
Төлем сомасын есептеуге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, салымшылар «Астана банкі» тарату комиссиясына мына мекенжайлар бойынша жүгінулері қажет:
Алматы қ., Төлебаев көшесі, 38/61, «Жетісу» БО, 3 қабат (Мақатаев көш. бұрышы), телефон: +7 (727) 259 60 60;
Нұр-Сұлтан қ., Ғабдуллин көшесі, 18, ВП-3, «Е» блогы, телефон: +7 (717) 255 93 17;
Атырау қ., Сәтбаев көшесі, 19, «Атырау Plaza» БО, телефон: 8 (712) 255 80-21, 8 (729) 270-10-25;
Шымкент қ., Б. Момышұлы, 25, телефон: 8 (725) 299-71-80;
Қарағанды қ., Бұхар Жырау даңғылы, 51/4, телефон: 8 (721) 255-99-01;
Өскемен қ., Қабанбай батыр көшесі, 140, телефон: 8 (723) 256-09-96.
Алматыда жауын-шашын салдарынан көліктерді ағаш басып қалды
Аймақтар • Кеше
Көктемдегі ҰБТ 10-наурызда басталады
Білім • Кеше
Алматыда «Жыл құсы-2021» көрмесі басталды
Өнер • Кеше
Екі-ақ төрті бар екен, қалғанының бәрі бес...
Аймақтар • Кеше
Әр сала үздіктеріне құрмет танытты
Аймақтар • Кеше
Алматы тауларында қар көшкіні жүреді
Экология • Кеше
Жаңа маусымда жергілікті ойыншыларға сенім артты
Аймақтар • Кеше
«Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы жарияланды
Қоғам • Кеше
Алдағы 9 наурызда Бас санитардың жаңа қаулысы күшіне енеді
Медицина • Кеше
Атырауда түрмедегілер туысымен екі тәулікке кездесе алады
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Алматыда гашиш сатқан азамат ұсталды
Қоғам • Кеше
«Қазақалтын» кенішінен 122 млн теңгенің алтыны ұрланды
Аймақтар • Кеше
Қостанай облысында «Көктем - 2021» оқу-жаттығу шарасы өтті
Аймақтар • Кеше
Руслан Бекетаев жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
«Ashyq» қосымшасын 27 алматылық кәсіпкер сынақтан өткізуде
Аймақтар • Кеше
Гүлшара Әбдіқалықова аяулы аналарды мерекесімен құттықтады
Аймақтар • Кеше
Қазақстанда тағы бір мереке пайда болады
Қазақстан • Кеше
ШҚО тұрғыны 230 келіден астам маралдың мүйізін ұрлаған
Аймақтар • Кеше
Grand Slam: Елдос Сметов финалға шықты
Спорт • Кеше
Қарағандыда жол апатынан 3 адам қайтыс болды
Аймақтар • Кеше
ForteBank пен Қазпошта ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Экономика • Кеше
Спорт • Кеше
Үкімет басшысы Инвестициялық штабтың отырысын өткізді
Үкімет • Кеше
Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдетілген пәтер салынады
Елорда • Кеше
Аймақтар • Кеше
Шымкентте тозығы жеткен үйлер сүріледі
Аймақтар • Кеше
Атырауда 563 мың тұрғын сақтандырылды
Аймақтар • Кеше
Ақтауда ұтыс ойынын ұйымдастырған блогер жазалана ма
Аймақтар • Кеше
Экономика • Кеше
Ілияс музейі отыз жетінші көктемін қарсы алды
Аймақтар • Кеше
Атырауда демеушілер 700 отбасы азық-түлікпен қамтиды
Аймақтар • Кеше
Ауылдарда тұрғын үй салына бастайды
Қазақстан • Кеше
Металлургия саласындағы өндіріс көлемі 3,1% - ға өсті
Экономика • Кеше
Шетелден ПТР анықтамасыз келетіндер көбейді
Қазақстан • Кеше
Демалыс күндері ауа райы қандай болады
Қазақстан • Кеше
Павлодарда үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше
«Барыс Арена»: Енді хоккейді жанкүйерлері залдан тамашалайды
Қазақстан • Кеше
Аймақтар • Кеше
Елдегі азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейі қандай?
Қазақстан • Кеше
Қазақстан сәуір айында мұнай өндірісін арттырады
Экономика • Кеше
Мигранттар үшін ең тартымды ел қайсы?
Қазақстан • Кеше
Туберкулездің таралуы төмендеген
Аймақтар • Кеше
Әлем • Кеше
Шымкентте із-түссіз жоғалып кеткен оқушы қыз аман-есен табылды
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар