Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Ордабасы ауданында биыл 4 жоба іске қосылмақ

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ордабасы ауданында биыл 4 жоба іске қосылып, 465 жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды Еgemen.kz

Ордабасы ауданында биыл 4 жоба іске қосылмақ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында биыл мемлекеттік индустрияландыру картасы аясында  жалпы құны 29 млрд теңге болатын, 465 жаңа жұмыс орнымен, 4 жоба іске қосылмақ.

Атап айтқанда, «Standart Petroleum & Co» ЖШС-нің жылдық қуаттылығы 1 млн тонна мұнай-химия өңдеу зауытының І-кезеңі іске қосылып, 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. «RZN» ЖШС-нің бетон өнімін өндіру жобасы бойынша 150 жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, «NA Constraction» ЖШС-нің 100 жұмыс орнымен жаңа технологиялы қыш зауыты жобасы мен «Александровский сад» ЖШС-нің 15 жұмыс орнымен көкөніс сақтау қоймасы іске қосылады.

Биыл ауданда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 51 млрд 475 млн теңгеге жеткізу көзделуде. Сонымен қатар, «Қарапайым заттар экономикасы» жобасы, «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында және микроқаржы ұйымдары арқылы игерілетін инвестиция көлемін 17 млрд 444 млн теңгеге ұлғайту жоспарланған. Өнеркәсіп өнім көлемін биыл 22 млрд 800 млн теңгеге, ал өңдеу өнеркәсібі өнімінің көлемін 20 млрд теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Өнім көлемі негізінен индустрияландыру картасы аясында іске асқан инвестициялық жобалардың өндіріс қуаттылығын жүктеуі есебінен артатын болады.

Соңғы жаңалықтар