Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Түркістан облысының белсенді азаматтарына Елбасының Алғыс хаты тапсырылды

253 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысының аудан, қалаларында партияның жұмысына белсене атсалысып, ел бірлігін нығайтуға үлес қосқан азаматтар Елбасы, Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысының белсенді азаматтарына Елбасының Алғыс хаты тапсырылды

Түркістан қаласында өткен марапаттау шарасында Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамы жаңа тұлғалармен толыққанын атап өтті. «Осы ретте елдің басым бөлігі өз таңдауын жасап, Nur Otan партиясына қолдау білдірді. Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияны қайта жаңғырту бағытындағы тапсырмасына сәйкес, өңірде ауқымды жұмыстар атқарылды. Сайлаудың қорытындысымен облыста Nur Otan партиясы 81 пайыздан астам дауыс жинап, облыстық мәслихаттағы 45 мандаттың 37-ін жеңіп алды. Бұл ортақ жеңіске сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол», деді Б.Тәжібаев.

9587

Үгіт-насихат кезеңінде партия үміткерлері 4000-ға жуық іс-шараға қатысты. Негізінен облыстық мәслихаттағы «Nur Otan» депутаттық корпусына кәсіпкерлер, білім, денсаулық сақтау, өнеркәсіп саласы, үкіметтік емес ұйым, БАҚ өкілдері және ауыл шаруашылығы саласының өкілдері енді. Сонымен бірге көпбалалы ана да мандатқа ие болды. Жалпы облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарды қосқанда Nur Otan партиясы 263 мандатты иеленді. Облыстық мәслихаттағы партия фракциясының құрамы 60%-ке жаңарды. Фракция жаңа құрамының 30 пайызға жуығы әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Марапатқа ие болған партия белсенділері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстарын білдірді, ел мүддесі жолында еңбек етіп, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысатындарын жеткізді.