Әлем • 28 Қаңтар, 2021

БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцинаның мүмкіндіктерін атап өтті

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш коронавирус инфекциясына қарсы күресте Ресей вакцинасы өте маңызды рөл атқаратынын айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС ақпарат порталына сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы ресейлік вакцинаның мүмкіндіктерін атап өтті

«Біз бұл күресте ресейлік вакцинаның маңызын атап өткеніміз жөн. Оны, әсіресе, қысылтаяң шақта, яғни БҰҰ миссияларындағы бітімгершілік операцияларға, сондай-ақ біздің қызметкерлерімізге және жергілікті тұрғындарға қолдануымыз ықтимал», дейді Антонио Гутерриш

Аталған мақсаттарда қолдану үшін ол арнайы ДДСҰ сертификаттауынан өтуі керек. Сондықтан вакцина жөніндегі өтінімнің екінші кезеңі пысықталып жатыр.

Антонио Гутерриш атап өткендей, вакциналар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткеннен кейін ғана қолдануға болатынын түсіндірді.

«Қазіргі уақытта Ресей үкіметі мен ДДСҰ арасында байланыс бар. Осыған орай ДДСҰ вакцинаны мүмкіндігінше тез сертификаттауға әрекет етеді деп үміттенемін»,  деді Бас хатшы.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ