Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Алматыда Жетісу ауданындағы су арналары жаңартылды

132 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Жетісу ауданының Павлодар көшесіндегі су арнасы қала меншігіне өтіп, құбырлар жаңартылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда Жетісу ауданындағы су арналары жаңартылды

50 жылдан бері жөндеу көрмеген су құбыры тозып, бүтіндей бір көше бір ай тіршілік нәрінсіз қалған еді. Тұрғындар мәселесін Алматы су коммуналдық кәсіпорнына айтқанмен, шағымдары қаралмаған. Оған себеп – ауыз су қала меншігіне өтпеген. Амалы қалмаған жұрт қалалық «Нұр Отан» партиясына хат жазған.

«Интернеттен ватсап номерін алып, қалалық «Нұр Отан» партиясына хат жаздым. Екі күннен соң менің сұрағым шешілді. Қалалық су желісіне қосып, мәселеміз реттелді. Қазір үйімізде су бар, бәрі жақсы», деді Жетісу ауданының тұрғыны Эльмира Қожахметова.

Одан бөлек, мұндағы су құбырына қалпына келтіру жұмыстарымен бірге сүзгілер, есептеуіш құралдары да жаңасына ауыстырылды. Аудан тұрғындары жұмыс белгілеген мерзімде толық және сапалы орындалғанына қуанышты.