Спорт • 28 Қаңтар, 2021

Токио олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Токио-2020» ұйымдастыру комитеті Жапония астанасындағы Олимпиада ойындарын жанкүйерсіз өткізу мәселесін қарастырып жатыр. Бұл туралы баспасөз жиынында ұйымдастыру комитетінің басшысы Ёсиро Мори мәлімдеді. 

Токио олимпиадасы жанкүйерсіз өтуі мүмкін

«Біз ойынды жанкүйерсіз өткізгіміз келмейді. Алайда, бұл нұсқаны да ойластырмасақ болмайды», - деді ол. 

Ал ХОК президенті Томас Бах ғаламдық індетке қарамастан, Токио Олимпиадасы мерзімінде өтетінін айтты.  Олимпиада ойындары 2021 жылдың 23 шілдесі мен 8 тамызы аралығына жоспарланған.