Елорда • 28 Қаңтар, 2021

Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады

116 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов Қоғамдық кеңес мүшелерімен өткен кездесуде елорданың қоғамдық көлігінің жұмысы туралы түсіндіріп берді, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтанда 8 жаңа автобус бағыты іске қосылады

Қазіргі уақытта қоғамдық көлік жұмысын 6 автобус паркі ұйымдастырады, солардың бірі – коммуналдық, қалғаны – жекеменшік. Қала бойынша 91 маршрут жүреді: 66 қалалық, 24 қала маңындағы және 1 саяжай. Күн сайын желіге 800-ден астам автобус шығады, соның 739-ы қалалық маршруттарға қызмет көрсетеді.

«Өткен жылы біз қаланың бағыт-бағдар желісін жаңарттық, өйткені елорда күн санап өсіп, үлкейіп жатыр. 4 жаңа маршрут іске қосылды, 16 маршрут оңтайландырылды. Қаладағы проблемалы учаскелерге қолжетімділікті қамтамасыз еттік. Ескілерін жаңарттық. Биыл тағы 8 жаңа қалалық маршрутты іске қосуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, адам көп жүретін учаскелерге 3 қысқа маршрут қосуды жоспарлап отырмыз», деді Е.Қизатов.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы 100 электр автобусы сатып алынып, желіге шығарылған болатын. Олар экологияға зиянсыз және атмосфераға ешқандай қалдық шығармайды. Сондай-ақ желіге тағы 100 осындай автобус шығару жоспарда бар.