Аймақтар • 28 Қаңтар, 2021

Өскеменде Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды

130 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында Ертіс өзеніне батып бара жатқан әйел құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Өскеменде Ертіске батып бара жатқан әйел құтқарылды

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, «Самал» саябағының маңында әйелдің суға батып бара жатқанын байқап қалған куәгерлер көмекке шақырған. Сол жерге құтқарушылар бірден қайықпен жетті. Полиция қызметкерлерімен бірге әйелді жағаға шығарып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырды.

«Белгілі болғандай, 1960 жылы туған қала тұрғыны өзеннен су алып жатқанда тайып кеткен. Өзенге құлап, 100 метрдей аққан ол жағаға дейін жүзіп жеткенімен судан шыға алмаған. Куәгерлер оны ары қарай ағып кетпес үшін құтқарушылар келгенше ұстап тұрды», деп хабарлады ведомство өкілдері.

 

Соңғы жаңалықтар

359 шетелдік байқаушы қатысады

Референдум • Бүгін, 23:50

Автолизинг неге аяқсыз қалды?

Экономика • Бүгін, 08:40

Қоймаларда картоп жеткілікті

Шаруашылық • Бүгін, 08:35

«Qazaq Digital mektebi»

Digital • Бүгін, 08:30

«Shyraq AI» игілігі

Digital • Бүгін, 08:25

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15

Арқалық музейіндегі асадал

Жәдігер • Бүгін, 08:10