Әдебиет • 28 Қаңтар, 2021

Túrkistan халықаралық апталығының жинағы жарық көрді

518 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 28 қаңтар – халықаралық Túrkistan саяси апталығының жарыққа шыққан күні. Осыған орай, елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада басылымның материалдар жинағы таныстырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Túrkistan халықаралық апталығының жинағы жарық көрді

Аталған шараға елімізге белгілі қоғам қайреткерлері, баспасөз саласының майталмандары қатысты. Атап айтсақ, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы, публицист Қайрат Сақ, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, «Бас редакторлар кулбының» орынбасарлары, ҚР ҰҒА академигі, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті Кәрімбек Құрманәлі, «Әділет.Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы Мұратбек Тоқтағазин, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Кенжеболат Жолдыбай, «Отандастар қоры» КЕАҚ-ның ресми өкілі, журналист Еркін Байғабылұлы, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы, ақын Дәулеткерей Кәпұлы, «Egemen Qazaqstan» газеті Басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Қаменов, Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Үмітхан Мұңалбаева және филиология ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлмира Әшірбекова қатысып, жарық көрген жинаққа оң бағасын берді.

Қазақстанның Халық жазушысы Қалтай Мұхамеджанов негізін қалаған Túrkistan халықаралық газеті 1994 жылғы 28 қаңтардан бастап шыға бастады. Сол уақыттан бері басылым бетінде саяси-қоғамдық, тарихи-танымдық, рухани, мәдени тақырыптардағы сараптамалық мақалалар, орамды ойлар мен парасатты пайым-пікірлер үзбей жарияланып келеді. Әсіресе, туысқан түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығы мен алыс-жуықтағы қандастар мәселесі де назардан тыс қалған емес. Елдік сипаты жағынан өзіндік бағыты анық қалыптасқан, қазақ баспасөзінде орны бар басылым Тәуелсіздік жылдарының әрбір елеулі оқиғасын тұрақты жазылып келеді.

«Ел Тәуелсіздігін нығайтуда қазақ баспасөзінің де қосқан үлесі зор. Соның ішініде халықаралық Túrkistan газетінің орны ерекше. Аз жылдың ішінде тек еліміз ғана емес, күллі түркі тілдес халықтардың ынтымақтастығының үнжариясына айналды. Ал бүгінгі тұсауы кесіліп отырған жинақ қалың оқырманға рухани азық болса, қазақ баспасөзін зерттеушілерге және журналистиканың оқуына енді түскен жас түлектер үшін таптырмас құрал. Мұндай жинақты жай газет шығара алмайды. Тек іргелі басылымдардың мүмкіндігі жететін дүние», – деді Л.Гумилев атындағы ЕҰУ Журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ.

2

Сонымен қатар филиология ғылымдарының кандитаты, доцент Гүлмира Әшірбекова басылым жайлы аранйы ғылыми баяндама жасады. Шараға зиялы қауым өкілдерімен бірге Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық унивеситеті Журналистика және саясаттану факультетінің студенттері де қатысты.

«Тәуелсіздік жылдарында Túrkistan газетінің көтерген жүгі мол. Қазір сараптамалық материалдары осы газеттен көп оқимын. Әсіресе, әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақтар жайлы шыққан өте қызықты сұхбаттарды оқып, риза болдым. Сонымен қатар «ATAJURT» жобасын айырықша айтуға болады. Бұл – жоба еліміздің ұлттық демографиясы үшін аса қажетті бастама», – деді «Бас редакторлар клубының» вице-президенті, «Sakhara» республикалық қоғамдық-саяси газеті бас редакторының орынбасары Кенжеболат Жолдыбай.

Túrkistan халықаралық газетінің жинағына Тәуелсіздік жылдары басылым бетінде жарияланған таңдаулы материалдар іріктеліп енгізілген. Елдік бірлікке, ұлттық тұтастыққа үндейтін сүбелі мақала, сұхбаттар топтастырылған кітап ел Тәуелсіздігінің шежіресі іспетті.