Қазақстан • 28 Қаңтар, 2021

ИИДМ Ресеймен әуе қатынасына қатысты мәлімдеме жасады

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Ресеймен әуе қатынасына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

ИИДМ Ресеймен әуе қатынасына қатысты мәлімдеме жасады

- Ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының Қазақстанға ұшуына қатысты БАҚ-тағы ақпаратқа байланысты, коронавирустық инфекция пандемиясына дейін Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты әуе қатынасын қазақстандық және ресейлік әуе компаниялары Нұр–Сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қарағанды, Шымкент, Павлодар, Өскемен, Тараз, Қостанай және Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Астрахань, Қазан, Омбы, Махачкала, Краснодар, Тюмень, Минералды Сулар қалалары арасында аптасына 178 рейс жиілігімен жүзеге асырғанын хабарлаймыз.

2020 жылғы наурызда коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты екі ел арасындағы тұрақты әуе қатынасы тоқтатылды.

Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеулер енгізілгенге дейін орындалған Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты рейстердің қайта басталуы мен рейстер санын ұлғайту әуе компаниялар емес, әлемдегі және екі елдегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның және Ресей Федерациясының аумағына жаңа коронавирустық инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу жөніндегі жедел штабтың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасындағы тұрақты әуе рейстерін «Эйр Астана» және «Аэрофлот» әуе компаниялары аптасына 2 рейс жиілігімен тек Нұр-Сұлтан мен Мәскеу қалалары арасында орындайды, делінген хабарламада.