Әлем • 28 Қаңтар, 2021

Минск қаласының мектеп директорлары «Онлайн-сынып» жобасымен танысты

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «Отандастар қоры» КеАҚ Минск қаласының мектеп директорларына «Онлайн-сынып» жобасын таныстырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

Минск қаласының мектеп директорлары «Онлайн-сынып» жобасымен танысты

«Отандастар қоры» КеАҚ Шетелдегі отандастарды қолдау департаментінің менеджері Алжан Шарипов пен «Тіл-Қазына» Ұлттық ғылыми зерттеу ортығы» КеАҚ маманы Әсия Даниярқызы Минск қаласының мектеп директорларына «Онлайн-сынып» жобасын таныстырды. Таныстырылымға Минск қаласы Заводской ауданы әкімінің орынбасары Зеленка Елена , Қазақстан Республикасы Елшілігінің Кеңесші-Уәкілі Аман Қайрат және Минск қаласының 32 мектеп директоры қатысты. Бүгінде Беларусь Республикасында 1 мыңнан аса қазақ тұрады (2019 жылғы дерек бойынша). Сондай-ақ, тәуелсіздік жылдары Қазақстаннан көшіп барған славян ұлттары бар. Олардың қазақ тіліне, ұлтына, Қазақстанға зор құрметпен қарайтынын айтуға болады.

«Отандастар қоры «Онлайн-сынып» жобасы арқылы шетелдерде тұратын қазақтарға қазақ тілін үйретуді қолға алған болатын. 2020 жылы жалпы 333 онлайн сабақ өткізілді. 2021 жылы қазақ тілін үйрету курсы ақпан айынан басталады. Қазақ тілін ағылшын, орыс, түрік және парсы тілдерінде үйрету жоспарланып отыр», деп мәлімдеді жобалар координаторы Болат Дидар мырза.

рор

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы 20 қарашада Минск қаласындағы М. Әуезов атындағы №143 орта мектебінде Әл-Фараби атындағы қазақ тілін, тарихы мен әдебиетін оқыту кабинеті ашылған болатын. Жоба Қазақстанның Беларусь Республикасындағы Елшілігі және «Отандастар қоры» КеАҚ қолдауымен жүзеге асты.