Қазақстан • 29 Қаңтар, 2021

Қазақстанда «Адалдық әліппесін» әзірлеу ұсынылды

173 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда «Адалдық әліппесін» әзірлеу ұсынылды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанда «Адалдық әліппесін» әзірлеу ұсынылды

«Парасаттылық идеологиясын насихаттауда үздіксіз кешенді білім беру маңызды. Біз қазіргі таңда Білім министрлігімен негізгі мектеп пәндерінің бағдарламасына парасаттылық идеологиясын енгізуді пысықтадық. Осы ретте «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің басқарма төрағасы, Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің мүшесі Дархан Қыдырәлінің «Адалдық әліппесін» әзірлеу туралы бастамасы назар аударуға тұрарлық. «Тәрбие тал бесіктен басталады» дегендей, бұл қадам балаларды ерте жастан адал өмір сүруге баулуға ықпал етеді», деді А. Шпекбаев.