Коронавирус • 29 Қаңтар, 2021

Шетелден келген 433 қазақстандықтың ПТР анықтамасы жоқ

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Шетелден келген 433 қазақстандықтың ПТР анықтамасы жоқ

2 029 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 596 адам, анықтамасыз 433 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 7 рейс, 1 111 жолаушы, анықтамамен - 822, анықтамасыз - 289;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 793 жолаушы, анықтамамен - 649; анықтамасыз - 144;

Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 125 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.


27 қаңтарда анықтамасыз келген 348 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Стамбул – Алматы рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.