Қоғам • 29 Қаңтар, 2021

БАҚ туралы жаңа заң қашан қабылданатыны белгілі болды

824 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Аида Балаева болашақта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылданатын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

БАҚ туралы жаңа заң қашан қабылданатыны белгілі болды

Министр мемлекеттік ақпараттық тапсырысты ұсынудың жаңа ережелеріне қатысты жұмысқа тоқтала келе, алдағы уақытта БАҚ туралы жаңа сапалы заң қабылдануы жоспарланып отырғанын жеткізді.

Осы орайда А. Балаева аталған құжат қашан қабылданатынын айтты.

«Бұл тұрғыдағы мақсат – мемлекеттің бірыңғай ақпараттық саясатының заңнамалық қамтамасыз етілген тетіктерін қалыптастыру. Осы орайда БАҚ туралы жаңа заң 2022 жылы әзірленіп, қабылдануы үшін биыл заң жобасының тұжырымдамасы кеңінен талқылауға ұсынылады», деді ведомство басшысы.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37