Үкімет • 29 Қаңтар, 2021

Ералы Тоғжанов ұстаздар мен дәрігерлердің ерен еңбегіне алғыс айтты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов 2020 жылы коронавирустың таралуы жағдайында ұстаздар мен дәрігерлердің ерен еңбегін атап өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ералы Тоғжанов ұстаздар мен дәрігерлердің ерен еңбегіне алғыс айтты

«Өткен жыл оңай болмады. Қоғамның сана-сезімінде былтыр үлкен өзгерістер болды десем артық емес деп ойлаймын. Ұстаздарымыздың орны ерекше екенін бүкіл ел қайтадан қарап, түсінді. Қиын кезеңдерде біздің ұстаздарымыздың нақты жасаған ерен еңбегін барша халық біледі», деді Е.Тоғжанов.

Бұдан өзге Ералы Тоғжанов дәрігерлердің маңызды қызметіне ерекше тоқталып өтті. Қиын кезеңде көптеген азаматтың тікелей атсалысқанының нәтижесінде ауқымды істер атқарылды.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей тапсырмалары арқасында, сондай-ақ қабылданған шешімдерге орай жалпы жағдайды бақылауда ұстауға толықтай мүмкін болды. Әсіресе, былтыр жаз айларында біраз қиындықты бірге өткердік. Атап айтқанда, тұтас ел болып шешім қабылдаған қадамдарды жүзеге асырған жерде ғана нақты нәтиже болады. Құдайға шүкір, жағдай қалыпты әрі тұрақты қадағалау деңгейінде деп айтсам, артық емес. Оны өздеріңіз де көріп отырсыздар. Дүние жүзінде жағдай қалай болып жатқанын білесіздер», деді Ералы Тоғжанов.