Қазақстан • 29 Қаңтар, 2021

Цифрлық теңге жалған кәсіпорындардың жұмысын тоқтатады

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Цифрлық теңге – қолма-қол ақша схемалары мен жалған кәсіпорындарды тоқтатады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрлық теңге жалған кәсіпорындардың жұмысын тоқтатады

«Тәжірибе көрсеткендей, сатып алу саласы көлеңкелі экономиканы жандандыратын және жемқорлық тудыратын салалардың бірі. Сондықтан Ұлттық палатамен бірлескен жұмыстың тағы бір бағыты бюджетті қалыптастыру кезінде де, оны игеру кезінде де баға комплаенсін енгізу. Жасыратыны жоқ, көбінесе бюджетке салынатын бағалар жемқорлық мүдделері үшін әдейі қымбаттатылады. Осыған орай біз нақты бағалар мен іске асырылған шарттар негізінде қандай да бір сатып алудың бюджетін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бюджетін «ұлғайтуға» мүмкіндік бермейді. Осылайша, үлестес компаниялардың баға ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау артта қалады», деді А. Шпекбаев.

Оның айтуынша, орындалған жұмыстардың жалған актілеріне қол қою проблемасын шешу үшін оларды егжей-тегжейлі жариялау, сондай-ақ тапсырыс берушілердің оны мысалы 3 күннен аспайтын мерзімде қарауын енгізу ұсынылады. Бұл бір ғана мақсатты көздейтін актілерге қол қоюды қасақана кейінге қалдыру мүмкіндігін едәуір қысқартады.

«Цифрлық теңгені тез арада енгізу – сатып алудағы жемқорлық проблемасының іргелі шешімі, бұл бюджет қаражатын игерудің бүкіл процесін қадағалауға мүмкіндік береді, «қолма-қол ақша» схемаларын және жалған кәсіпорындар құруды тоқтатады», деді А. Шпекбаев.