Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кеше, 28 қаңтар күні 21:05 шамасында «112» жедел желісіне Бакудің Сабаильский ауданындағы «20-шы аумақ» деп аталатын аймағындағы тасжолда көшкін жүргені туралы ақпарат түскен. Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ мекемелерінің өкілдері мен құтқарушылар жіберілді.
Қажетті қауіпсіздік шаралары қолданылып, тиісті мемлекеттік органдар хабардар етілді. Алғашқы тексеру кезінде көшкін салдарынан жақын маңдағы үйлердің зардап шекпегені анықталды.