Әлем • 29 Қаңтар, 2021

Австрияда көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

191 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австриядағы Лангенцерсдорфта тұрғын үйде жарылыс болып, салдарынан үйдің бірнеше қабаты опырылып түсті, деп хабарлайды Egemen.kz

Австрияда көп қабатты тұрғын үйде жарылыс болды

Төтенше оқиға 29 қаңтар күні таңертең орын алған. Жарылыс салдарынан ғимараттың үшінші және төртінші қабаттары қираған.

Қазіргі кезде ғимараттың ішінде қанша адам болғаны белгісіз. Құтқару операциясы жүргізіліп жатыр. Үйінділер астынан бір адамды құтқару мүмкін болды.

Оқиға орнында жедел медициналық көмек көрсету қызметінің екі тікұшағы жұмыс істеп жатыр.