Жаңа жыл қарсаңында елордада үш бірдей бүлдіршіннің өмірін тілсіз жаудан арашалаған Ұлттық ұлан жауынгегрі ефрейтор Темірлан Әмірғазин ерлігі үшін кезекті марапатын алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Осы жолы оны алғыс хат әрі бағалы сыйлықпен «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы атап өтті. Марапатты ұландық батырға аталған ұйымның Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының төрағасы Асхат Налшыбек табыс етті.
"Біздің мақсатымыз – Темірлан бауырымыздың жасаған ерлігін жастар арасында насихаттау. Бүгінгі жастардың осындай ерлікке, батылдыққа барғанына, жігерлі болғанына біз мақтанамыз. Себебі ата-бабамыз балаға бес жасынан қолына қару беріп, атқа отырғызған. Ал қазіргі білім заманында жастардың әскери-патриоттық бағытта тәрбие алуы – ол өте маңызды. Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай: «Ешкімде іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады». Ұлттық ұлан қатарында тәрбиеленіп жатқан жастардан осындай Темірлан секілді батыр ұлдар әлі талай шығатынына сенімдіміз", деді Асхат Налшыбек.
Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық ұлан әскери қызметшісі ефрейтор Темірлан Әмірғазин Жаңа жыл қарсаңында елордадағы азық-түлік дүкендерінің бірінде тұрғанда төбеден сылақ түсіп, желдету шахтасынан қою түтін шығып жатқанын байқайды.
Қауіпті сәтті қалт жібермеген жауынгер дүкенге келушілер мен сатушылардың тез арада далаға шығуын өтінеді.
Осы уақытта ол түтіннің екінші қабаттан шығып жатқанын көреді. Сөйтсе бұл дүкен сатушысының пәтері екен. Ұландық жауынгер дереу өрт сөндіруші қызметке қоңырау шалып, үй иесімен бірге баспанадан 3 бүлдіршінді қауіпсіз жерге алып шығады.



Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің дипломаттары Әлихан Бөкейхановты еске алды
Қоғам • Бүгін, 17:42
Сенатта сақтандыру нарығын жетілдіру мәселелері талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 17:35
Ақтөбеде иесіз инженерлік желілер коммуналдық меншікке беріледі
Аймақтар • Бүгін, 17:26
Алматы облысында былтыр 281,2 млрд теңгеге тамақ өнімдері өндірілді
Аймақтар • Бүгін, 17:21
Қазақстанда кибер шабуылдар күрт артқан
Қоғам • Бүгін, 17:10
Елорданың 39 кәсіпкерлік нысаны «Ashyq» қосымшасымен жұмыс істейді
Аймақтар • Бүгін, 17:07
Петропавлда жатақханадағы жарылыстан бойжеткен көз жұмды
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Қазақстандықтар қолма-қол ақшамен есептесуді күрт азайтты
Қоғам • Бүгін, 16:52
Актер Нұркен Өтеуіл жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:41
10 наурызда телерадиохабар тарату уақытша тоқтатылады
Қазақстан • Бүгін, 16:40
Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болғанына - 29 жыл
Қазақстан • Бүгін, 16:37
Қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың жәрдемақы мөлшері өсті
Аймақтар • Бүгін, 16:28
Алматыда мектептер наурыз айында аралас оқу форматына көшеді
Аймақтар • Бүгін, 16:21
Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық өткелдерде болатын проблемалық мәселелер реттеледі
Экономика • Бүгін, 16:19
«Дәрмек» республикалық операциясының бірінші кезеңі аяқталды
Аймақтар • Бүгін, 16:12
Акцияларын жариялауды жоспарлап отырған компанияларға салықтық жеңілдіктер қарастырылады
Экономика • Бүгін, 16:11
Adam bol awards жүлдесінің жеңімпаздары марапатталды
Қоғам • Бүгін, 15:56
Қостанайда карантин бұзғандарға 18 млн теңге айыппұл салынған
Аймақтар • Бүгін, 15:53
Шымкентте мектептерде ыстық тамақпен қамтуға рұқсат жоқ
Оңтүстік Қазақстан • Бүгін, 15:52
Су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жұмыс жүргізілуде
Қазақстан • Бүгін, 15:48
Ұқсас жаңалықтар