20 қаңтарда Мадридтің орталығындағы Вирген-де-ла-Паломаның діни қызметкерлері тұратын үйде жойқын жарылыс болды. Болжам бойынша, оқиға орнында газ жарылысы болған. Нәтижесінде, төрт адам көз жұмды.
Белгілі болғандай, Толедо көшесімен өтіп бара жатқан 47 жастағы Стефко Косев қалыңдығына 14:54-те қоңырау шалды. Әңгіме 33 секундқа созылған.
«Қайда тамақтанамыз? - Үйде», - деген екеуінің соңғы сөзі болды. Содан кейін әйел сынған әйнектердің дыбысын естіген. Кейінірек ол күйеу жігітінің қаза тапқаны туралы суыт хабарды естиді.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ