Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Белсенді азаматтарға Елбасының Алғыс хаты табысталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін “Nur Otan” партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалында белсенді азаматтарды Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтті, - деп хабарлайды Egemen.kz

Белсенді азаматтарға Елбасының Алғыс хаты табысталды

«Жыл басында елімізде маңызды сайлау өтті. Парламент Мәжілісі мен жергілікті мәслихат құрамына жаңа азаматтар келді. Сайлау нәтижесінде елдің басым бөлігі «Nur Otan» партиясына қолдау білдірді. «Nur Otan» партиясы сайлау қорытындысы бойынша жалпы 71,09% жинап, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Үлкен жеңісте Сіздердің де қосқан үлестеріңіз мол. Қалалық штаб құрамында ең маңызды қызметті абыроймен алып шықтыңыздар. Міне, осы еңбектеріңіз үшін Тұңғыш президентіміз, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Алғыс хаты тапсырылып жатыр. Баршаңызды бұл марапатпен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы бесжылдықта алға қойылған жоспар бойынша аянбай еңбек етеміз деген сенімдемін», деді Д.Кәрібек.

Шара соңында марапатталған белсенділер Елбасыға өз алғыстарын айтты.

«Еліміздің одан әрі өсіп-өркендеуіне, «Nur Otan» партиясының бағдарламасын жүзеге асыруға барынша атсалысатын боламыз», дейді олар.

Аталмыш шара өте жоғары деңгейде өтті. Естелікке көптеген фотолар жасалды.

Алайда, пандемияға байланысты сақтық шаралары сақталды. Іс-шараға қатысушылардың барлығында бір реттік бетперде мен қолғап болды.