Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Бекшин Алматыда вирус жұқтырғандардың азайып келе жатқанын айтты

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қалалық Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы коронавирустық инфекцияның алдын алуға байланысты шектеу шаралары туралы брифинг өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бекшин Алматыда вирус жұқтырғандардың азайып келе жатқанын айтты

Жандарбек Бекшиннің айтуынша, Алматыда вирус жұқтыру көрсеткіші азайып келеді.

«Алматы қаласының қызыл аймаққа кіруіне байланысты жаңа шектеулер қабылданды. Аурудың апталық көрсеткіші 54,2 болып тұр. Қалыпты жағдайда 100 мың адамға 50 жағдай болады. Яғни индекс бойынша аурушаңдық 1-ден асып тұр. Өткен тәулікте 53 жағдай тіркелді. Осылайша коронавирус ауруының азайғаны байқалып отыр»,  деді Бекшин.

Айта кету керек, Алматы қаласы қызыл аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған еді.

Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді.

Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.

Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.