Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

176 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысының құтқарушылары лифт шахтасына түсіп кеткен ер адамды шығарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ер адам лифт шахтасына құлап кетті

Оқиға 2021 жылдың 28 қаңтарында болды. 20 сағат 40 минутта Павлодар облысы ТЖ департаментінің «112» пультіне «Сарыарқа» қонақ үйінен хабарлама келіп түсті. Қонақ үй әкімшісінің айтуынша, ер адам осы қонақ үйде тұратын төртінші қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.

ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға орнына құрамында 5 адам бар құтқарушылар дереу шықты және құралдардың көмегімен түрлі жарақат алған зардап шегушіні лифт шахтасынан шығарып алды. Одан кейін 1987 жылы туған ер адам жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша зардап шеккен азаматтың жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.

«Жабық бас сүйек-ми мен омыртқа жарақаты тіркелген. Кеуде қуысының екі жағы зақымданған. Компьютерлік томография жасалды. Медицина қызметкерлерінің бақылауына алынған. Тиісті сараптамалар жүргізілуде», - дейді ведомство өкілдері.