Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

Зейнеткерді алдап, құндыз тонын қолды қылған алаяқ ұсталды

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 73 жастағы зейнеткер 13 қаңтар күні өзінің 250 000 теңге тұратын құндыз тонын бір әйелдің алдап алғаны жөнінде арыз түсірген, деп хабарлайдыEgemen.kz.

Зейнеткерді алдап, құндыз тонын қолды қылған алаяқ ұсталды

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 37 жастағы, бұрын сотты болған облыс тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабының 1 бөлігімен  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.