Жалпы барлық мемлекеттік органдардың қызметін толық ақпараттандыру мақсатында министрлік 2020 жылға арналған «Жасампаздыққа толы жылдар» республикалық медиа-жоспарын әзірлеп, Үкіметтің отырысында бекіткен. Оның негізгі бағыттары Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және волонтерлар жүйесінің дамуы. Наурыз бен мамыр айларында Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғанда, COVID-19-ға қатысты жасалып жатқан істерді халыққа тез жеткізу мақсатында, үкіметтің шешімімен Республикалық коммуникациялық орталық құрылды.
«Оның жұмысына біздің министрлікпен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері белсене қатысуда. Наурыз айында Coronavirus2020.kz сайты іске қосылды. Оның ішінде статистикалық мәліметтер, инфографика, сараптамалық материалдарымен толықтырылады. Сайтты күніне 100 мың адам қарайды. Қазақстанның азаматтарынан келіп түскен 41 мыңнан астам өтінішке мемлекеттік органдар жедел жауап берді. «Telegram» мессенджерінде @coronavirus2020.kz атты ресми канал іске қосылды, оған 300 мыңнан астам оқырман тіркелген. Шілде айында Stopfake.kz сайтын іске қостық. Ол БАҚ-та, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде таралған жалған ақпараттарды анықтап фейк екенін мәлімдеп халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі кезге дейін 450-ге жуық материалды жалған екенін дәлелдеп қоғамға жеткізді», — деді вице-министр.
Жалпы 2020 жылы КВИ тақырыбы бойынша БАҚ-та 274 мың материал жарық көрген.