Аймақтар • 29 Қаңтар, 2021

СҚО-да су тасқынына қатысты жағдай тұрақты бақылауда

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында су тасқынына қатысты жағдай СҚ ТЖ Департаменті және жергілікті атқарушы органдардың тұрақты бақылауында, деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да су тасқынына қатысты жағдай тұрақты бақылауда

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық аясында Аққайың, Тайынша, Шал ақын, Ғ. Мүсірепов, Айыртау, М.Жұмабаев, Тимирязев және Есіл аудандарында жұмыс сапарымен СҚО ТЖД бастығының орынбасары, майор Мұрат Қанғожинов болып қайтты. Ол су тасқынына қарсы іс – шараларды өткізу бойынша аудан әкімдерімен және жауапты тұлғалармен кездесіп, пікір алмасты. Кездесулерде аудан аумағында су тасқынының қауіпсіз өтуінің өзекті мәселелері, жергілікті атқарушы органдардың, азаматтық қорғау қызметтері және құрылымдарының ТЖ алдын алуға, сондай – ақ халықтың қауіпсіз тыныс – тіршілігін қамтамасыз етуге дайындығы талқыланды.

Сондай-ақ Тайынша ауданының Шағалы өзеніндегі су өткізу құрылыстарын, Аққайың ауданының Смирново, Рублевка, Аралағаш, Шал ақын ауданының Ақанбарақ және Городецкое ауылдарының қорғаныш үйінділерін, Ғ.Мүсірепов ауданындағы «Екатеринбург-Алматы» автожолының 769 шақырымында Есіл өзені арқылы өтетін апатты көпір тексерілді.

«Тек уақытылы қабылданған шаралар ғана халықты сенімді қорғауға, ықтимал ТЖ дамуына жол бермеуге қабілетті. Ең бастысы – су тасқыны қаупін азайтып, ауылдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету», дейді Мұрат Қанғожинов.

Соңғы жаңалықтар