Қысқы спорт • 31 Қаңтар, 2021

Қазақстан фристайлшылары әлем кубогы кезеңін жүлдесіз аяқтады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Беларусьтің Минск қаласында фристайл-акробатикадан әлем кубогының кезеңі болып өтті. Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар жүлде ала алмады, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан фристайлшылары әлем кубогы кезеңін жүлдесіз аяқтады

Әйелдер арасында өткен жарыста Маржан Ақжігіт 18-ші, Аяна Жолдас – 19-шы, Жанбота Алдабергенова – 21-ші, ал Ақмаржан Қалмырзаева – 24-ші болды. Жарыста АҚШ спортшысы Меган Ник жеңіске жеткен.

Ерлер арасындағы жарыста ресейлік спортшы Максим Буровқа тең келетін ешкім болған жоқ. Қазақстан құрамасының құрамында бәрінен үздік танылған – Нұрлан Батырбаев. Ол 19-шы орыннан көрінді. Шерзод Хаширбаев 30-шы орын, Ильдар Батрудинов - 32-ші, Роман Иванов - 33-ші орын алды.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан фристайлдан әлем чемпионатына алғаш рет қатысады. Құрамына могул және акробатика кіретін фристайлдан әлем чемпионаты алғаш рет 7-14 наурыз күндері аралығында Алматының Шымбұлағында өтеді.