Аймақтар • 31 Қаңтар, 2021

Интернет алаяқтар петропавлдықтың 2,7 млн теңгесін қолды етті

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Киберқылмыскерлер айла-тәсілдерін түрлендіруде, – деп хабарлайды Egemen.kz.

Интернет алаяқтар петропавлдықтың 2,7 млн теңгесін қолды етті

66 жастағы петропавлдық ақыр соңына дейін қаскөйге сенбегенімен, 2 миллион 700 мың теңге қаражатынан бәрібір айырылған. Өзін телефонмен банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, клиенттің шотынан белгісіз біреу ірі көлемдегі соманы алмақ болып жатыр деген алаяққа ол ұзақ уақыт сенбесе де қылмыскер клиенттің шотында жатқан барлық соманы және оның соңғы уақытта қандай қаржы операция жасағаны туралы айтып, арбауына түсірген. Бұл сөздерге сенген ер адам пин-кодын жайып салып, бар жиған-терген қаражатынан бір-ақ айырылған. Осыдан кейін-ақ бұл іске банк қызметкерлерінің қатыстылығы көрініп тұр, алайда біздің пинкертондардың оларға тісі бата алмай-ақ қойды...

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабымен қылмысты іс қозғалды. "Бұл жағдай бірлі-жарым емес. Бізге алаяқтардың құпия ақпаратқа қандай жолмен қол жеткізгенін табу қажет», дейді Екінші ПБ бастығы, полиция подполковнигі Руслан Сыздықов.