Руханият • 01 Ақпан, 2021

«Еңбекші қазақ» басылған баспахана

428 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кезінде елдің астанасы болған Ақмешітте тарихи орындар көп. Соның бірі – іргесі ХІХ ғасырда қаланып, әуелі қыздар приход училищесі, кейіннен Перовск училищесі, 1925-1929 жылдары баспахана орналасқан ғимарат.

«Еңбекші қазақ» басылған баспахана

Қазір «Аль-Асад» сауда үйі қоныс­тан­ған тари­хи нысан 1878 жылы инженер, генерал Брюноның жобасы бойынша салыныпты.

 Салынғанына екі жарым ғасырға жуықтаған ғимаратта 1925-1929 жылдары «Еңбекші қазақ» пен «Советская степь», басқа да газет-журналдар басылып, еліміздің әр түкпіріне тарап тұрған. Ел байтағы Сырдан Алатау баурайына көшкен кезеңнен бастап 1973 жылға де­йін облыстық кітапхана, тігін-тоқы­ма фабрикасы орналасыпты.

Ғимарат көне сәулет өнерінің үлгісі жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.

Айтпақшы, 1899-1902 жылдары аралығында осы нысанда орын тепкен Перовск училищесінде Алаш қайрат­кері Мұстафа Шоқай да білім алған. Осыған байланысты төрт  жыл бұрын ғимаратқа ескерткіш тақта орнатылды.

 

Қызылорда