Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Түркістанның Бадам ауылында 3 бірдей жаңа мектеп салынады

81 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының Бадам ауылында 3 бірдей жаңа мектеп салынады, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістанның Бадам ауылында 3 бірдей жаңа мектеп салынады

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылында Сәбит Мұқанов атындағы 300 орындық жалпы орта мектептің және Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектептің құрылысы басталды.

Сонымен қатар жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды.

Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.

Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік-акушерлік бекет салынады.

Сондай-ақ, Бадам ауылында «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы» аясында өткен жылы қабылданған үшжақты келісімшартқа сәйкес 10 408 га егістік жер игерілген.

2 гектар жылыжай іске қосылып, 85 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген.

10-15 басқа арналған 11 мал бордақылау алаңы ашылды. Бұдан басқа 3 шағын жанұялық ферма жұмысын бастады.

Сонымен қатар, былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.

Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп және «Диамур» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

Бадам аумағында жалпы ұзындығы 41 шақырымды құрайтын 4 канал бар. Оның 27 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.

Соңғы жаңалықтар

Даланың дара перзенті

Еңбек • Бүгін, 09:50

Атакәсіпке адал азамат

Еңбек • Бүгін, 09:45

Әлеуметке тиімді жоба

Қоғам • Бүгін, 09:35

Олжас!.. (Эссе)

Тұлға • Бүгін, 09:25

Адам папиллома вирусы қандай ауру

Денсаулық • Бүгін, 09:22

Ерім дейтін ел қайда?

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Жасанды интеллектіні жүйелі енгізген банктер

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:10

Күтумен өткен ғұмыр

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:55

Смағұл сапасы

Тұлға • Бүгін, 08:50

Мұстахара

Жәдігер • Бүгін, 08:45

Керек дерек

Digital • Бүгін, 08:40

Бірегей білім моделі

Қоғам • Бүгін, 08:35

«Түркістан сақшылары» – ЖИ жемісі

Жасанды интеллект • Бүгін, 08:25