Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары өңірде алғашқы болып вакцина салдырды

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында COVID-19-ға қарсы вакцинацияда облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет алғашқы болып егілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары өңірде алғашқы болып вакцина салдырды

Таңертең облысқа «Спутник V» вакцинасының 1 мың дозасы келген. Жалпы жыл ішінде 80 мың доза әкелінеді. Бірінші кезекте ерікті түрде медицина қызметкерлеріне, педагогтерге, созылмалы аурулармен ауыратын топтағы адамдарға салынады. 18 жасқа дейінгі балалар және 65 жастан асқар қарияларға екпе салынбайды. Бүгінде облыс бойынша 14 егу кабинеті белгіленді. Бұдан бөлек, шалғай елді мекенде тұратын азаматтарға вакцина салу үшін 46 жылжымалы егу бригадасы ұйымдастырылды.

Қазір облыс «жасыл» аймақта. Эпидемиологиялық ахуал тұрақты. Күрделенген жағдайда 8 стационар, 61 алғашқы медициналық-санитарлық мекеме жұмылдырылатын болады. 54 фильтр кабинеті, қосымша 79 телефон шақырулар мен консультациялар үшін жұмыс істейді. Сондай-ақ үй жағдайында қызмет көрсету үшін қосымша 81 автокөлік қарастырылған.