Қоғам • 01 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау басталады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз брифингте елорданың бас дәрігері Тимур Мұратов хабарлады.

Нұр-Сұлтанда кезең-кезеңімен вакцинациялау басталды

«Вакцинация 18-ден 64 жасқа дейінгі адамдарға жасалады, Нұр-Сұлтан осы санатта 735 мың адам бар. Вакцинация ерікті негізде, әр азаматқа тегін жасалады. Тұрақты профилактикалық егулерге және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарға КВИ-ға қарсы екпе салынбайды», деді Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Сондай-ақ коронавирустың ауыр жағдайы және симптомсыз белгілері бар адамдар екпе алуға жатпайды.

Жұқпалы ауруы бар науқаспен, оның ішінде КВИ-мен ауырған науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін ғана вакцинацияланады.

«Екпе салу алдында COVID-19 қарсы антиденелердің бар жоғын анықтау үшін скрининг жасалмайтынын атап өткім келеді. Коронавирустың кез келген формасымен ауырғандар емделген соң алты айдан кейін ғана вакцина салдырғаны жөн. Әрине вакцина салар алдында денсаулығы ескерілетін болады», деді Тимур Мұратов.