Аймақтар • 01 Ақпан, 2021

Түркістан облысында көкпар өткізгендер анықталды

98 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында кезекті көкпар ойыны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында көкпар өткізгендер анықталды

Бәйдібек ауданы аумағында санитарлық-эпидемияға қарсы карантин ережесінің талаптары сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлерімен күнделікті рейдтік іс-шаралар жүргізуде. Осындай кезекті рейд жүргізу барысында, Бәйдібек ауданының жергілікті тұрғыны карантин режимі талаптарын сақтамай, 50 -ге жуық адамдарды жинап, «Көкпар» ұлттық ойынын өткізіп жатқаны анықталды.

Тәртіп сақшылары ойынға қатысушыларды дереу тоқтатып, олармен карантинді бұзуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы шараны ұйымдастырушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Жиналған материалдар заңды шешім қабылдау үшін Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық орталығына жолданды.

Өз кезегінде полицейлер Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтарын карантин режимі мен санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың талаптарын бұзбауға шақырады. Базарларға, дүкендерге және адамдар көп жиналатын басқа жерлерге барған кезде, қоғамдық көліктерде медициналық бетперде киіп, антисептиктерді пайдалану және әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.