Қоғам • 01 Ақпан, 2021

Құрылыс жұмыстарының сапасына жеткілікті назар аудару қажет - Алтай Көлгінов

133 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімі Алтай Көлгінов жетекші құрылыс компанияларымен және банк өкілдерімен кездесті. Кездесуге қатысушылар осы жылға арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Құрылыс жұмыстарының сапасына жеткілікті назар аудару қажет - Алтай Көлгінов

«Қалада өмір сүруге қолайлы жағдай жасау үшін тұрғын үй мәселесі - ерекше назарда. Жеңілдікпен берілетін қолжетімді тұрғын үй құрылысы, апатты әрі ескі үйлерді сүру, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары ерекше бақылауда.

Биыл Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайтамыз. Жетекші құрылыс компанияларымен және банктердің өкілдерімен кездесіп, осы жылға арналған жоспарларды талқыладық. Өткен жылы елордада рекордтық - 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. Өз тарапымыздан құрылыс компанияларымен қоян-қолтық жұмыс істеп, барлық әкімшілік кедергілерді алып тастаймыз, пайдасы жоқ делдалдардан арыламыз», деді қала әкімі.

Әкім бұдан әрі жаңа үйлерді сумен, кәрізбен және жылумен қамтамасыз ету үшін ЖЭО-3 (1-кезек, жылумен жабдықтау), КОС-2 (кәріздік тазарту құрылыстары) және НФС-3 (Сумен жабдықтау) жобалау мен құрылысы жүргізілетінін мәлім етті.

«Құрылыс компанияларына құрылыс сапасын бірінші орынға қоюды, өндіріс кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, жұмысшыларға жалақыны уақтылы төлеуді тапсырдым. Сондай-ақ, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандыруға назар аудару да маңызды», деді Алтай Көлгінов.