ЦДИАӨМ баспасөз қызметінің деректері бойынша, адамдардың эпидемиялық ахуалы жөніндегі ақпарат «Ashyq» қосымшасында көрсетілетін болады. Аталған қосымша Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп әзірлеген.
Атап кетерлігі, мәдени орындарға немесе мекемелерге бару үшін арнайы QR-кодты сканерлеп, кіреберісте көрсету қажет. Бағдарлама қызыл, сары, көк және жасыл түстерге бөлінетін тәуекел дәрежесін көрсетеді.
Қызыл – қозғалысты шектеу және амбулаториялық бақылаудағы адамдар үшін үйде оқшаулаудың қатаң режімін сақтауды білдіреді.
Сары – қозғалысты ішінара шектеу бойынша науқас үйден оқшаулау режімін сақтай отырып, сондай-ақ 500 метрден аспайтын азық-түлік және тұрмыстық заттарға арналған дүкендерге және дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк – ПТР-тест деректері міндетті болатын жерлерден басқа (мысалы, әуежайда) қозғалысқа ешқандай шектеулер жоқ.
Жасыл қозғалыста ешқандай шектеулер жоқ екенін білдіреді. Сонымен қатар дерекқорда жасыл түсті пайдаланушылар COVID-19 теріс нәтижесі бар және ПТР-тестілеуден өткен адам ретінде көрсетілген.
Жаңа бағдарлама жеке кәсіпкерлерге өз қызметін жалғастыруға және келушілерге қауіп төндірмеуге мүмкіндік беретіндігімен түсіндіріледі.
Айта кетсек, смартфон болмаған жағдайда үй-жайға кіруді бақылайтын қызметкерлер үшін қосымшада арнайы функция бар. Ол келушілердің ЖСН-ін тексеру немесе жеке куәлікте орналасқан штрих кодты сканерлеу арқылы жүзеге асады.
Мұны Қазақстанның барлық аумағындағы қоғамдық орындарға (СОО, дүкендер, мейрамханалар, дәмханалар, вокзалдар, әуежайлар және т.б.) кіру үшін жоспарлап отыр.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ