20 Желтоқсан, 2013

Әкімнің кеңесшісі қамауға алынды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл әңгіменің қозғала бастағанына біраз болып қалды. Алдымен «Время» газеті осы дерекке назар аударды. Соңынан біраз интернет-ресурстар ақпар таратты. Ақырында бәрі шындыққа айналды. Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі Төлеген Бәстеновтің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

«Жоғары лауазымды қызметтер атқарған экс-ше­­неу­нік желтоқсанның 10-ы күні қомақты көлемде пара алып тұрған жерінен қаржы полициясының құрығына ілікті», деп хабарлады КТК арнасы. Ол мердігер компаниядан мектеп құрылысына бөлінген қаржыдан 8 млн. 700 мың теңге ақша бопсалаған көрінеді.

Абыройсыз әрекеті әшкере болған шенеунікке қатысты қазір «аса ірі көлемде пара алу» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты. Осыған орай ол бірер күнде тергеу абақтысына қамалған.

Жалпы, Төлеген Бәстеновтің есімі облыс халқына жақ­сы таныс. Ол Павлодар ауданында екі рет әкім болып қызмет атқарған. Соңғысында соңынан сөз ерген көрі­­­­неді. Бұған қоса, жазда болған сынақта сүрініп, ор­нынан айырылған екен. Содан кейін облыс әкіміне ке­ңесші болып тағайындалған. Ал «кеңесшінің» аяғы мынадай келеңсіз іске апарып ұрындырды.

Құрыш НҰРЫМБЕТ.

Соңғы жаңалықтар