![Алты облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды](/media/2021/01/27/cd39b1717bf5828efaa3aeff3365e763_xl.jpg)
2 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Ертең Түркістан облысының таулы аудандарында түнде көктайғақ күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Түркістан қаласында 2 ақпанда кей уақыттатұман болады.
2-3 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 2 ақпанда түнде және тәңертең тұман болады.
Ал Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде күші 15-20 м/с. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Атырау облысының кейжерлерінде тұман, көктайғақ болады. Атырау қаласында түнде және таңертең 2 ақпанда тұман, көктайғақ болады.