Президент • 01 Ақпан, 2021

Президент: Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

2224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz

Президент: Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы

«1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы», дейді Президент.

Сондай-ақ Президент азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтеретінін нақтылап өтті.

«Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын», деді Мемлекет басшысы.