Еуропа комиссиясының президенті Урсула Вон дер Ляйен бұл келісімнің «үлкен қадам» екенін хабарлады. Дегенмен одаққа жіберілетін вакцина көлемі жоспардағы көрсеткіштің жартысына да жетпейді.
Тағы бір мәселе – тасымалдау. Еуроодақ пен Англия осы үшін де сәтсіз диалогқа тап болды. Брексит келісімінен кейін екі аймақ арасында тауар тасымалы үлкен қиындық туғызып тұр. Жалпы, Еуропада вакцина жетіспей жатқанда Британияның вакцинаны еш кедергісіз алып отырғаны одақтың наразылығын тудырған. Одан кейін экспорттық бақылау орнайтыны хабарланды.
Енді Вон дер Ляйен ханым AstraZeneca алдағы аптада 9 млн вакцина, яғни жоспарланған 40 миллион екпенің алғашқы бөлігін жібереді деген хабарлама жасады. Екі ел арасындағы тасымал жоспарланған күннен де ерте іске асырылмақ. Сонымен бірге комиссия басшысы бағаның 30 пайызға өскенін де мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Еуроодақ пен AstraZeneca 300 миллион вакцинаға келісім жасаған еді. Оның 80 миллионы 2021 жылдың алғашқы тоқсанында жеткізіледі деген жоспар болды. Алайда фармацевтикалық компания Бельгия мен Данияда өсетін, вакцина құрамына қажетті шөптің жеткізілуі қиындап кеткенін айтып, кейінге шегерген.