Саясат • 02 Ақпан, 2021

Медиация татулық пен тұрақтылықты көздейді

617 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы «Медиация туралы» заңға – 10 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясының медиациясына 5 жыл толуына орай онлайн дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Медиация татулық пен тұрақтылықты көздейді

 

Іс-шараға Ақпарат және қо­ғам­дық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ-нің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс істеу басқармасының басшысы Талшын Италиева және отан­дық, халықаралық кәсіби жә­не қоғамдық медиаторлар қа­тысты.

Азаматтардың кез келген жан­жалды шешу барысында ымыраға келуге дайын болуы – өз кезе­гінде азаматтық жетілу мен жауапкершіліктің индикаторына айналады, қоғамның құқықтық мәде­ниетінің даму деңгейін жоға­рылатады, Қазақстанның бүкіл әлеуметтік құрылымының әлеу­меттік жағдайы мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сондықтан медиация институтын дамытудың маңызы төмендемейді.

Бұл жұмыс медиация институтын жүйелі түрде нығайтуға үлес қоса отырып, ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құры­лым­дарының өкілдері арасынан кәсіби медиаторлар мен келіссөз жүргізушілерді даярлау арқылы жүзеге асырылады.

«Қоғамдық келісім» РММ-нің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс істеу бас­қармасының басшысы Талшын Италиева өз сөзінде «Медиа­цияның әлеуетін ұтымды пайдалана білсек, біз қоғамда орын алатын дау-дамайларды оңтайлы реттеу арқылы, ішкі бірлікті бекемдеп, ел іргесінің аман болуына үлес қоса аламыз.

Медиация терминінің маз­мұ­ны біздің халқымызға ежелден таныс ұғым. «Алдыңа келсе, атаңның құнын кеш» деген ұс­таныммен өмір сүрген дана хал­қымыз аталы сөзге тоқтау­ды білген. Қара қылды қақ жа­рып, әділдігін айтатын билердің көме­гімен ел бірлігін сақтап, даула­сушы тараптарды мәмілеге келтіру – ата-бабаларымыздың ерте­ден келе жатқан дәстүрі, олар «ара­ағайындық», «бітімгер», «мәміле» және т.б. терминдер қолдан­ған. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген қағи­даны берік ұстанған билердің мәртебесі жоғары болып, елдің бірлігін, жердің тұтастығын сақ­тауға ықпал еткен. Бүгінгі таң­дағы әлемдік ахуал жедел өзгеріс­терімен, тұрақсыздығымен ерекшеленуде. Қалыптасқан жағдайда қо­ғамның ішкі тұтастығы мыз­ғымас берік болғанда ғана бола­шақты бағамдап, межелеген мақ­сат­қа нық сеніммен қадам басамыз», деді.

Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьясы, татуластыру рәсімдері  жөніндегі  үйлестірушісі Гүлжа­-
нат Рахметова «Азаматтық іс жүргізу кодексінде медиа­тор­лардың, адво­каттардың қаты­суымен татуластыру рәсімдерін қол­дануды кеңейту – дауды бейбіт жолмен ше­шетіндер қатары­ның өсуіне ықпал етеді. Заңда медиатор­лар­­дың ғана емес, судьялар мен адво­кат­тардың да татуласуын жүзеге асыру міндеті бекітілген. Тарап­тарды татуластыру үшін шаралар қолдану және дауды сот процесінің барлық сатыларында реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізу міндеттерінен туындайды», деді.

Ал ҚХА республикалық Медиа­ция кеңесінің мүшесі Рузан­на Есентемірова «Меніңше, елі­міздің барлық мектебінде медиация қызметтері құрылып, жоға­ры оқу орындарында медиа­ция пән ретінде оқытылуы тиіс. Жас буын дау-жанжалдарды та­туласу арқылы шешуге бола­тындығын түсінген кезде, медиа­цияның танымалдылығы артады және сұранысқа ие болады», деген пікірімен бөлісті.

Түркістан облысы әкімдігі «Қо­ғамдық келісім» КММ медиа­ция институтының үйлесті­рушісі Дана Кенжеқұлова Қазақ­стан халқы Ассамблеясы жаны­нан құрылған медиация инсти­ту­тының негізгі мақсатына тоқ­талды. «Біздің міндетіміз – медиа­цияны дамыту мен насихаттау арқылы оның жұмысын жүйелендіріп, ұйымдастыру, ел бірлігі мен ынтымақтастығын нығайтуда медиация тетігін тиімді пайдалану. Соңғы жылдары ел аумағында медиацияға ерекше мән берілуі біздің дәстүрімізден жаңылмай, жаңашыл болуымызды, болашағы біртұтас ел болуымыз­ды меңзейді. Өркениетті қоғамның берік іргесі – заң болса, тұғыры – құқық. Медиация дегенде, ең алдымен дауласушы тараптарды құқықтық жолмен өзара келісімге келтіру, заңның үстемдігі арқылы бірлікті сақтау мәселесі айтылады. Дау-дамай бұрын да болған, қазір де бар. Қай қоғамда, қай заманда өмір сүрсек те, ең алдымен ынтымақты сақтай білуіміз керек», деген ойын ортаға салды.

Медиация бойынша PhD докторы Гүлмира Нарбаева «Біз бәріміз және балаларымыз қауіп­сіз қоғамда өмір сүргенін қалаймыз. Ал медиация – қауіпсіз орта құру құралы, өйткені медиа­цияның мақсаттарының бірі – тарап­тардың жанжалдық деңгейін тө­мендету. Егер медиация рәсіміне өтініштер көп болса, қоғамдағы жанжалдар азаяды, тиісінше, адам қауіпсіздігі деңгейі артады. Біз жанжалсыз қоғамға ұмтыламыз», деп қорытты өз ойын.

Жиын соңында медиация инс­титутына арналған бейнеролик көрсетіліп, алыс және жақын шетелдегі медиаторлар әріп­тес­терін Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» заңына –
10 жыл, ҚХА медиациясына 5 жыл толуына орай құттықтау тілек­терін жеткізді.