Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2 ақпанда еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайтынын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Қазақстанның екі қаласында – Теміртау мен Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін.

Басқа шаһарларда метеоахуал - бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.