Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия коронавирус жұқтырғандар бойынша мәлімет таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның 4 өңірі «қызыл» аймақта тұр

Комиссия мәліметіне сәйкес  Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары коронавирус жұқтырғандар бойынша қазір «қызыл» аймақта тұр.

Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта, ал қалған облыстар «жасыл» аймаққа кіреді.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте елімізде 1161 адам коронавирус жұқтырды.