Бүгінгі күні, коронавирус инфекциясын емдеуді талап ететін препараттар қаланың барлық дәріханаларында бар. Қамтамасыздық шамамен 90%-ды құрайды, дәріхана қоймаларында 1 миллионнан астам (1 037 мың) емдеуді талап ететін препараттар бар.
Бұдан басқа, нарықты толықтыру үшін Тұрақтандыру қоры қаражаттарының есебінен қала дәріханаларына дәрі-дәрмек препараттарын жеткізу жалғасын тауып отыр. Қазіргі уақытта, әкелуге жоспарланған 40,1 млн. дәрі-дәрмек құралдары мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың қалаға жеткізілгені 47,2 млн. (118%), 23,4 млн. сатылды, қолдағы бары 23,8 млн. оның ішінде, азайтылмайтын қалдығы 8 млн. Осылайша, қалада нақтылықтың екі айлық қоры қалыптастырылды.
Қала дәріханаларының медициналық бетперделермен қамтамасыздығы 95%-ды құрайды. Алматыда 6 ірі отандық компания жұмыс істейді, оның бірлескен өндірістік қуаты күніне 1 млн бетпердені құрайды. Бұдан басқа, 15 жабдықтаушы бар, бүгінгі күні, оларда 26,2 млн бетперде бар. Қала дәріханаларына бетперделер күн сайын келіп түседі.
Қоймаларда шамамен 456 мың термометр, оның ішінде, дәріханаларда – 7 590 дана, жабдықтаушыда (БИОЛА) 448 245 дана бар. Ақпанда қосымша 150 мың термометр жеткізіледі деп күтілуде.
Жалпы алғанда, Алматыда дәрі-дәрмекке, сондай-ақ медициналық бетперделерге деген жоғары сұраныс байқалмайды. Жағдай тұрақты.