Экология • 02 Ақпан, 2021

Университетте экологиялық кодекс талқыланды

286 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың соңына дейін жаңа экологиялық кодексті қабылдау міндетін қойды, деп хабарлайды Еgemen.kz

Университетте экологиялық кодекс талқыланды

Осы тапсырманы орындау аясында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасының жаңа экологиялық кодексінің жобасын әзірледі.

Осы кодексті талқылау және жариялау мақсатында Ақтау қаласындағы Yessenov University-де ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевтің төрағалығымен отырыс өтті.

Отырысқа Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов, Yessenov University президенті Б.Ахметов, жер қойнауын пайдаланушы ірі компаниялардың басшылары, экология  саласындағы сарапшылар және қоғам белсенділер  қатысты. Биыл қабылданған жаңа экологиялық кодекс, негізгі және  қажетті құжаттардың бірі болып табылады, оның ішінде өнеркәсібі дамыған Маңғыстау облысы үшін маңыздылығы жоғары. Сондықтан, онда көрсетілген талаптарды іске асыру табиғат пайдаланушылар мен жалпы жұртшылық үшін негізгі вектор болып табылады.

Қоршаған ортаға әсерді бағалау және кәсіпорындардың ең озық қолжетімді технологияларды енгізуін ынталандыруды арттыру жөніндегі жаңа тәсілдер, мемлекеттік бақылаудың жаңа тетіктері және "Ластаушы төлейді" тұжырымдамасын іске асыру қағидаттары талқыланды.

Сондай-ақ әкімшілік айыппұл мөлшерін ұлғайту, жою қорларын құру және қоршаған ортаны қалпына келтіру мәселелері қарастырылды.

Жер қойнауын пайдаланушылар Тарихи қалдықтарды қайта өңдеу бойынша жүргізілген жұмыстар бойынша есептерді таныстырды. 2020 жылға жер қойнауын пайдаланушылар 700 мың тоннадан астам тарихи қалдықтарды өңдеді.

 "Эко Маңғыстау" ҮЕҰ басшысы К. В. Осин жер қойнауын пайдаланушылармен БАҚ-пен тығыз жұмыс істеуді және осындай оң нәтижелерді қалың жұртшылыққа жариялауды ұсынды.

Yessenov University басшылығы облыстың экологиялық проблемаларын шешуде университеттің ғылыми-зерттеу әлеуетін пайдалану бөлігінде мемлекет пен бизнеске жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.

Өз кезегінде министр М.М. Мырзағалиев өңір басшылығын және жер қойнауын пайдаланушыларды Маңғыстау өңірінің тұрақты дамуы үшін бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау және ғылыми зерттеулерді ілгерілетуде аймақтағы Yessenov University-ге жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.

Отырыстан кейін Мағзұм Маратұлы университет ұжымы және студенттерімен кездесті. Кездесу еркін форматта әр саладағы сұрақ-жауаптармен толықты. Мағзұм мырза Yessenov University түлегі ретінде өз университетінің соңғы 10 жылда үлкен жетістіктерге жетіп, көркейіп жатқанына көзі жетіп өз қуанышын білдірді. Кездесу сәтін пайдаланып, «Yessenov University Түлектер Қауымдастығының» мүшесі болу туралы да келісілді.

Соңғы жаңалықтар