Қазақстан • 02 Ақпан, 2021

Алматыда медициналық журналистика оқытылады

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2021 жылдың 8 ақпанынан  12 ақпанына дейін Алматыда медицина саласында маманданған журналистерді оқыту курстары өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда медициналық журналистика оқытылады

 

Курс ҚР АҚДМ мен С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті арасындағы келісім негізінде өтеді.

Оқыту курстары оффлайн форматта келесі мекен-жай бойынша өтеді: Алматы қ., Төле би көшесі, 94. Қатысушылар «Медициналық журналистика» курсын өткендігі туралы сертификаттар алады.

Тікелей көрсетілім Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Facebook-тегі https://m.facebook.com/qogam.gov.kz ресми парақшасында өтеді.

Аталған курстан өтуге қызығушылық танытқан жағдайда,мына сілтеме бойынша тіркеуден өтуге болады: 

https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdEEa9vvCR9vycFaGDRhHPfApP1arDDBlLkbH1qMDpT2CuEGA/viewform