Барлығы үш мыңнан астам жалған екпе дозасы табылды. Сондай-ақ сауда желілері дәрілік заттың атауын жамылып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырған. Оған қоса ампулаларға физикалық ерітінді айдайтын шеберхана жұмыс істейтіні белгілі болды. Нәтижесінде, 80-нен астам адам ұсталды. Олар «вакцинаны» халыққа жоғары бағамен сатқан.
Белгілі болғандай, ресми вакцинация азаматтар үшін ақысыз және тек лицензияланған орталықтарда жүргізіледі.
Айта кетсек, Қытайда егу науқаны Sinovac вакцинасымен жүзеге асырылып жатыр.
Айтолкын МЫРЗАКАРИМ